«Тәлімгер» орталығының командасы колледждің екінші курс студенттеріне арналған мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған семинар өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің оқуында, кәсіби дамуы мен ұжымда тиімді қарым-қатынас орнатуында маңызды рөл атқаратын негізгі икемді дағдыларын (soft skills) дамыту болды. Семинар барысында интерактивті форматқа ерекше көңіл бөлінді. Іс-шара кезінде командалық рухты дамытуға, коммуникацияны жақсартуға және алынған білімді бекітуге бағытталған түрлі ойындар мен практикалық тапсырмалар өткізілді. Студенттер талқылауларға белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, ұсынылған тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.