Емтихан 06130100 – «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», 07130100 – «Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша)», 07140100 – «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)», 07130500 – «Жаңартылатын энергетика», 07150100 – «Машина жасау технологиясы», 07151100 – «Машиналар мен жабдықтарды пайдалану (өнеркәсіп салалары бойынша)» мамандықтары бойынша ұйымдастырылды.
Әлеуметтік серіктестер тарапынан ретінде «КазАзот» АҚ, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстауэнерго» МКК, «Ақтау электр желілері басқармасы» МКК, «МАЭК» ЖШС, «Тенарис» ЖШС, «Электроқуат» ЖШС, «Хайтек Казақстан» ЖШС, «Бест-Групп НС» ЖШС, «Вест Авто» ЖШС, «Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КЕАҚ, «TransTeleCom» ЖШС, Astana Hub және Mangystau Hub халықаралық технопаркінің өкілдері және басқа да өндірістік кәсіпорындардың мамандары қатысып, бітіруші студенттердің білімдерін бағалады.
Комиссия мүшелері емтихан барысында түлектердің теориялық білімін және практикалық машығын бағалай отырып, олардың кәсіби құзыреттілігін айқындады. Мамандар қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін білім мен тәжірибенің ұштасуы аса маңызды екенін атап өтті.
Жалпы қорытынды бойынша, комиссия түлектердің дайындық деңгейі заманауи талаптарға сай екенін, олардың өндіріс орындарында бәсекеге қабілетті маман ретінде еңбек етуге толық мүмкіндігі бар екенін жеткізді

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz