24.06.2026 жылы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде кезекті Әдістемелік кеңес отырысы өтті.


Кеңес барысында 2025–2026 оқу жылы бойынша циклдік комиссия жетекшілерінің қорытынды есептері тыңдалып, атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланды. Сонымен қатар колледждің әдістемелік қызметіне жан-жақты талдау жүргізіліп, оқу жылы ішінде қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы міндеттер айқындалды.

Отырыс барысында педагогтерге аттестаттаудың пилоттық жобасы таныстырылып, оның негізгі ерекшеліктері, талаптары және іске асыру тетіктері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кеңес қорытындысы бойынша білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға және әдістемелік жұмыстың тиімділігін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылданды.  

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz