22.05.25 жыл Мемлекет басшысының бастамасымен «Техник-технолог мамандығына қажетті техникалық және бағдарламалық дағдылар» тақырыбы бойынша жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Қонақ дәрісі» іс - шара өтті. Маңғыстау энергетикалық колледжінің түлегі Демесинова Карина Ринатовна шақырылды, ол колледжді бітіргеннен кейін ауа-су бақылауын химиялық талдау зертханашысы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Карина Ринатовна өзінің колледжде оқуы және ҚазАзот кәсіпорнындағы жұмысы туралы әңгімеледі. «Техник-технолог» мамандығы бойынша ХТП 1/24 және ХТП 1/23 топтарының студенттері қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Оқытушы Л. М. Таутанова студенттерді болашақ техник-технолог мамандығына қажетті техникалық және дағдылардың ерекшеліктерімен таныстырды. Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің белсенділігі мен қызығушылығы ерекше байқалды. Бұл – болашақ мамандардың өз кәсібіне деген сенімі мен ынтасын арттыра түсті!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz