Бүгін колледжде дәстүрлі түрде өткізілетін «Энергетик мамандығы - өмірлік таңдауым» тақырыбында маңызды қонақ дәрісі ұйымдастырылды. Бұл дәрісті Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ (МӨЭК) ЭЖА Бозашы басшысы, тәжірибелі энергетик Жұбаназар Серік жүргізді. Қонақ дәрісі энергетика саласындағы жас мамандар мен студенттер үшін өте маңызды шара болды. Дәріс барысында Жұбаназар Серік өзінің еңбек жолы мен энергетика саласына деген қызығушылығы туралы әңгімелеп, студенттерге өз тәжірибесін бөлісті. Ол жастарға осы салада жұмыс істей отырып, тек қана кәсіби біліктілік пен дағдыларды меңгеріп қана қоймай, ел экономикасының маңызды саласында жауапкершілікті сезіну қажеттігін де атап өтті.
«Энергетик мамандығы - тек қана техникалық білім мен дағдыны талап ететін сала емес. Бұл мамандық қоғамға маңызды қызмет атқаратын адамдарды тәрбиелеп шығарады. Электр энергиясы - біздің күнделікті өміріміздің негізі, сондықтан энергетик болу - үлкен жауапкершілік», - деді Жұбаназар Серік.
Ол өз сөзінде энергетика саласының маңыздылығын және оның дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Студенттер мен жас мамандарды өз жолдарын табуға, қай саланы таңдаса да, оны шын жүректен сүйіп, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Бұл іс-шара жастар үшін үлкен мүмкіндік болды, өйткені олар жетекші маманнан нақты тәжірибе алып, энергетика саласының терең қырларын түсінді. Әсіресе, техникалық білім мен кәсіби шеберлікке ұмтылған жас буын үшін Жұбаназар Серіктің кеңестері мен тәжірибесі ерекше құнды болды.

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz