Бүгін колледжде дәстүрлі түрде өткізілетін іс шараның бірі «Қонақ дәріс» өтті

Қонақта  Шапқан Бакыт Максатұлы  «Ak Su KMG» ЖШС-нің жоба басқару тобының бас менеджері. Бакыт Максатұлы  жұмысшы мамандығындағы алғашқы өз тәжірибесімен, қазіргі таңдағы жұмысы туралы студенттерге баяндады. Теориямен тәжірибені ұштасыра отырып, білікті маман бола алатынын,  жұмысшы мамандығын дәріптеу қазіргі қоғамда маңызды әрі өзекті мәселе екендігін атап өтті.  Әсіресе, еңбек нарығында білікті мамандарға сұраныс артып келе жатқандығын, жұмысшы мамандығының маңызы да ұлғайып отырғанын атап,  білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Дәріс соңында білім алушыларға сәттілік тілеп, болашақта өз мамандықтарын мақтанышпен жұмыс жасауға, сол жолда үздік нәтижелерге жетуге деген мотивация береді  

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz