«Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы АТ-5/23 тобы өндірістік тәжірибеден колледждің әлеуметтік серіктес «KTM Service» ЖК мекемесінде өтті. Білім алушылар өздерінің колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін тәжірибеде көрсете білді. Тәжірибе барысында ең үздік тәжірибеден өткен, білік дағдыларын игеріп көзге түскен АТ-5/23 тобы тобының білім алушы студенттері Тулекбаев Бахтияр, Куанышбаев Нуртас, Орынбаев Бауыржан, Жақсылыков Толеген серіктес мекеме жоғары бағалап, аталған студенттерді жұмысқа қабылдау бойынша ұсыныс берді. «Жақсы тәжірибе – жұмыс кепілі».
Қазіргі таңда «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Қазпошта» АҚ МОФ екі жақты меморандум аясында 30 студент еңбек ақы төленетін тәжірибеге бағытталған оқытудан өтіп жатыр.
1. Дуалдық жүйе - оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін, яғни теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;
2. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бітіруші түлектерін кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру үшін жұмыстанады;
3. Жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс жасайтын оқу орны болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;
4. Әлеуметтік серіктестіктер өндіріс талабына сай, білім алушыға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальдық оқыту жүйесі бойынша өзгеретін модульдық бағдарламаны, оқу бағдарламасын дайындауға және оқытушыларды тағылымдамадан өткізуге қатысады;
5. Әлеуметтік серіктестіктер мамандар дайындау бойынша мемлекеттік тапсырманы қалыптастыруға қатысады;
6. Оқушының кәсіби дайындық деңгейін бағалау және біліктілікті тағайындау үшін құзырлы мамандар мемлекеттік емтихан комиссиясы мүшесі ретінде қатысады;
7. Білім алушы дуальдық жүйемен оқыту нәтижесінде белгілі құзіреттерді меңгерген кәсіби дағдыға ие болады;
8. Оқу орнын бітіруші жұмысқа орналасу мүмкіндігіне 100 пайыз ие болады.

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz