Шанхай қаласында Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі мен WUXI University of Technology арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Аталған меморандум білім беру саласындағы халықаралық байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруға, оқытушылардың біліктілігін арттыруға және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Ынтымақтастық аясында IT, цифрлық технологиялар, кәсіптік білім беру және заманауи мамандар даярлау бағыттарына ерекше көңіл бөлінеді.
Бұл келісім студенттер мен оқытушылар үшін жаңа халықаралық мүмкіндіктерге жол ашып, бірлескен жобалар мен академиялық тәжірибе алмасуды дамытуға негіз болады.
Білім мен тәжірибені біріктіріп, болашақ мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашамыз!

Маңғыстау обласы, Ақтау қаласы,
3Б микрорайон, 17 4 қабат
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz