ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР ҰСТАЗДАР КОЛЛЕДЖГЕ ҚОНАҚҚА КЕЛДІ


ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ: АРДАГЕР ҰСТАЗДАР КОЛЛЕДЖГЕ ҚОНАҚҚА КЕЛДІ

Бүгін Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде ерекше әрі тебірентерлік кездесу өтті. 1974–1984 жылдар аралығында оқу орнымызда еңбек етіп, іргетасын қаласқан ардагер ұстаздарымыз Шамиль Александрович пен Владимир Федорович колледжімізге арнайы қонаққа келді.

Құрметті қонақтар колледж музейін, заманауи техникамен жабдықталған оқу шеберханалары мен зертханаларын аралап көрді.

Кездесу барысында:

???? Оқу орнының 50 жылдық тарихындағы қызықты сәттер мен ыстық естеліктер қайта жаңғырды;

???? Қос ардагер колледждің бүгінгі жетістіктері мен заманауи даму бағытына жоғары баға берді;

???? Жас мамандар мен оқытушыларға өздерінің ақ батасын арнап, ыстық лебіздерін білдірді.

Өткенге құрмет — болашаққа бағдар. Бізге білім мен тәрбие мектебін қалыптастырып кеткен аға буын өкілдерінің әрбір сөзі — біз үшін үлкен өнеге! Ардагерлерімізге мықты денсаулық пен уақыт бөліп келгендері үшін шексіз алғыс білдіреміз! на русск и на англ 

Галерея


© 2026| Техникалық қызмет көрсету Mediana.kz