«Баскетбол. Шабуылда ойнау техникасы»

Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде педагог-сарапшы санатына үміткер, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Исмағұлов Бекмұрат Саматұлы «Баскетбол. Шабуылда ойнау техникасы» тақырыбында оқу сабағын өткізді.

Сабаққа Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің педагог-зерттеуші, дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Есқалиев Жандос Жаниязович қатысып, әдістемелік тұрғыда өз пікірін білдірді. Оқу сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заманауи әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. Қойылған мақсат пен міндеттер толық орындалып, сабақ өз нәтижесіне жетті. 


© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz