2025–2026 оқу жылының II жарты жылдығы бойынша аралық аттестаттау талапқа сай ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың орындалу барысында «Маңғыстау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі А.А. Шамшадинова қатысты.
Аралық аттестаттаудың ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында емтихандар прокторинг жүйесі арқылы өткізілді. Оқу орнында академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы стандарттардың орындалуын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі ретінде қарастырылған.
Жоспарланған шаралар аясында аттестаттау кезеңінің әділ, ашық әрі объективті өтуіне ерекше мән берілуде. Бұл өз кезегінде студенттердің білім деңгейін шынайы бағалауға мүмкіндік беріп, оқу процесінің сапасын арттыруға және адалдық қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді.

Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz