«Өндіріспен тығыз байланыс – сапалы білім кепілі!»
Бүгін колледжіміз бен «STEK METAL» ЖК арасында маңызды ынтымақтастық орнатылып, ресми келісімшартқа қол қойылды! Бұл қадам – студенттеріміздің болашақ кәсіби жолындағы үлкен бір белес.
Келісімшарт келесі мамандықтардың білім беру бағдарламаларын заман талабына сай жетілдіруге бағытталған:
«Машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету»
«Электрмен қамтамасыз ету»
«Өндіріс не талап етеді – колледж соны үйретеді!» қағидатын басшылыққа ала отырып, біз енді жұмыс берушімен бірлесіп мынадай жұмыстарды атқарамыз:
Студенттерді өндірістік практикамен және жұмыс орындарымен қамту;
Дуальды оқыту жүйесін дамыту;
Оқу бағдарламаларын кәсіпорынның нақты сұранысы мен заманауи технологияларға бейімдеу ;
Өндіріс мамандарының қатысуымен тәжірибелік сабақтар ұйымдастыру.
Өндіріс пен білімнің тоғысқан жерінде ғана бәсекеге қабілетті, кәсіби маман қалыптасады. Сенімді серіктестік үшін «STEK METAL» ЖК ұжымына алғыс айтамыз! Алға қойған мақсаттарымыз бірлесе отырып жүзеге аса береді!

Мангистауская область, город Актау,
3Б микрорайон, 17 4 этажа
8 (7292) 50 22 00
post.mek@mail.ru
© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz