ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР МЕН АТА-АНАЛАР!

Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына және диплом табыстау салтанатына байланысты келесі маңызды ережелерді қаперіңізге салады:

Сыйлықтар мен алымдарға тыйым: Оқытушылар құрамына сыйлық жасау мақсатында немесе өзге де себептермен ақша жинауға үзілді-кесілді жол берілмейді;

Сыртқы қызметтерді шектеу: Шараға аниматорларды, мерекелік студиялар мен арнайы агенттіктерді тартуға рұқсат жоқ;

Колледж қорына ақша жинамау: Оқу орнының мұқтаждықтары үшін қандай да бір қаражат жинауға тыйым салынады;

Мерекелік шерулер мен ойын-сауық:

– Түлектердің қатысуымен автокөлік шерулерін (кортеж) ұйымдастыруға және мейрамханаларға баруға шектеу қойылады;

Дастархан жаюды шектеу: Мерекелік ас мәзірін ұйымдастыру мақсатында қаржылық жиындар өткізуге болмайды.

Студенттердің назарына:

Оқу орнының ішкі тәртіп ережелерін бұлжытпай орындау, жоғары жауапкершілік пен мәдениеттілік таныту — әрбір түлектің басты міндеті.

Маңызды белгі: Жоғарыда аталған талаптар барлық білім алушылар мен олардың заңды өкілдеріне (ата-аналарына) бірдей дәрежеде міндетті болып табылады.  


© 2026| Техническое обслуживание Mediana.kz